• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Екібастұз қаласының ТҮКШ бөлімі басшысын пара сұрап бопсалағаны үшін алты жылға темір торға қамады

Екібастұз қаласының ТҮКШ бөлімі басшысын пара сұрап бопсалағаны үшін алты жылға темір торға қамады

-Сот үкімімен ол бопсалау арқылы аса ірі көлемде ақшалай түрде пара алуға тырысқаны үшін кінәлі деп танылды. Оған қылмыстық атқару жүйесінің  қауіпсіздігі орташа мекемесіне 6 жылға қамау жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы  Гүлсім Ахтаева.

 

Айыпталушы сотта тек өз жұмысымды орындадым деп түсіндірді.  Ешкімнен миллиондаған ақша талап етпепті, ал ұсталатын күні мердігер оған өзі келген, қол қойғызу үшін құжаттарын бірге алған. Сонымен бірге ақша да алып шыққан. Оған не үшін осыншама ақша әкелгенін білмейді, ал купюраларды тіпті қолыма да алмадым дейді. ТҮКШ бөлімінің басшысын сот залында қамауға алды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.