Екібастұзда 40-қа жуық малды қолды қылған күдіктілер ұсталды

Тәртіп сақшылары ұрлық деректері бірнеше ай бойы жалғасқанын мәлімдеді. Күдіктілер топтасып әрекет етіп, ауыл тұрғындарының малын бірнеше мәрте барымталаған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлық күдікті анықталып, қолға түсті. Олар — облыс тұрғындары. Тінту кезінде төрт бас ұсақ мал мен қылмыс жасауға пайдаланылған өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді», — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Қазір төрт азамат та уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.