Екібастұзда дауылды желден әйелдің үстіне аялдама құлаған
Салдарынан кеншілер қаласы тұрғынының аяғы сынған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Ауа райы қолайсыздығы салдарынан 7 қараша күні Екібастұзда екі адам жарақат алған көрінеді, екеуі де травматологиялық пунктке жүгінді деп мәлім етті қалалық ауруханасында.
-Қатты дауылдан аялдама павильоны аударылып, конструкция астында қоғамдық көлік күтіп тұрған 56 жастағы әйел қалып қойған. Нәтижесінде оң аяғынан жарақат алды. Тобықтың жабық сынуы деген диагнозы қойылды. Әйел ауруханаға жатқызудан бас тартты. Медициналық көмектен кейін амбулаториялық емделуге жіберілді,– деді Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде.