Екібастұзда екі баланың анасы мас күйде көлік басқарған



Жыл басынан бері Екібастұз полицейлері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 53 жүргізушіні жауапқа тартып, әрқайсысы 7 жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Кезекті тексеріс барысында, мас күйдегі әйел қолға түскен.

 

- Бұқар Жырау көшесінде сағат түнгі екі шамасында 31 жастағы әйел жүргізген «Daewoo Matiz” көлігін тоқтатылды. Азаматшаның мас күйде екендігі анықталды. Сот шешімімен жүргізуші жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Әкімшілік қамауға алынбады, өйткені оның екі кәмелетке толмаған баласы бар, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Болат Мырзалинов.

Фото: Freepik.com