• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Екібастұзда елорда тұрғынын адам өліміне әкелген жол-көлік апаты үшін соттады

Екібастұзда елорда тұрғынын адам өліміне әкелген жол-көлік апаты үшін соттады

32 жастағы жігіт туысқандарын Семейге жерлеу рәсіміне әкеле жатқан. Алайда кеншілер қаласы жанында жыраға ұшып кеткен. Оның ағасы, құдашасы мен 12 жастағы жиені алған жарақаттан сол жерде көз жұмады. Ер адам сотта кінәсін мойындады. Марқұмдардың туысқандары оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Бұл оқиға бойынша бап тек темір торға қамауды қарастыратындықтан оны абақты ауылға 5 жылға отырғызды.