Екібастұзда есінен жаңылған зейнеткер пәтерінің есігін өздігінен аша алмаған
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «112» пультіне хабарлама түскен. Туыстары әйелдің телефон қоңырауларына жауап бермей, есікті ашпаған соң алаңдаған.
-Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен пәтердің кіреберіс есігін ашқан. Ішінен өздігінен қозғала алатын, алайда бағдарынан жаңылған 1953 жылы туған әйел табылған, - деп хабарлады аймақтық ТЖД.
Құтқарушылар оған медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасын шақырған.
-Әйел 11 қараша күні сағат 13:00-де Екібастұз қалалық ауруханасының жалпы терапия бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Қазіргі уақытта қажетті ем қабылдап, тексеруден өтіп жатыр, - деп хабарладыПавлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.

