• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Екібастұзда ГРЭС-1 аумағында мердігер ұйымның жұмысшысы ток соғып көз жұмды

Екібастұзда ГРЭС-1 аумағында мердігер ұйымның жұмысшысы ток соғып көз жұмды

Хабарлама бойынша 42 жастағы ер адам электр тогы соғып қаза тапқан. Оқыс оқиға станция аумағында болғанымен, ол кәсіпорынның штаттық қызметкері болып табылмайды.



  • Қазіргі уақытта Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті 2026 жылғы 19 қарашада «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС аумағында мердігер ұйым жұмыскерімен орын алған адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп мәлімдеді ведомстводан.