Екібастұзда колледж студенттері төбелесіп, ауруханаға түскен

 

 

Қазіргі таңда полиция тергеу амалдарын жүргізуде дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы төбелес жалйы Екібастұздық әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде ақпарат тарап, оқиға №21 мектептің маңында болғаны жазылған еді. Павлодар облысының білім басқармасы, төбелесте колледждің екі студентін ұрып соққандығын жеткізді.

 

-2024 жылдың 29 қыркүйегінде кәмелетке толмаған екі бозбала түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр, - деп мәлім басқармада.

 

Өз кезегінде полиция тергеу амалдарын бастап кеткенін хабар етті.

 

-Денсаулыққа қасақана орташа зақым келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген Павлодар облысының полиция департаментінің хабарламасында.

 

Фото: Freepik.com