Екібастұзда лицензиясыз пиротехника сатқан саудагер анықталды

Заңсыз әрекет әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде әшкере болды. Тәртіп сақшылары тексеру барысында сатушының тиісті құжаттары жоқтығын және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын өрескел бұзғанын анықтады.

 

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қолданыстағы заң аясында тиісті шаралар қолданылды. Барлық жиналған құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы орындарға жолданды.