Екібастұзда мұз үстінде жоғалған балықшының денесі табылды



Кеше Шідерті кентінде балық аулауға кеткен ер адам іс-түссіз жоғалып, кұтқарушылар мен еріктілер іздеу жұмыстары нәтижесінде денесі табылды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

1951 жылғы ер адам 28 наурыз күні Екібастұз қаласының Шідерті кентінде орналасқан 7-8 сорғы ауданында жоғалып кеткен. Жақындары оның таңғы 7-де жеке автокөлікпен балық аулауға шыққанын жеткізіп, кейін байланысқа шықпағаннан айтып дабыл қаққан.

 

-Сағат 17-20-да немересі ер адамның көлігін тапты. Іздеуге полиция мен еріктілер қосылды. 29 наурызда Екібастұз құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Оларға 5 адам және бір техника бірлігі жұмылдырылды. Шаралар нәтижесінде сорғы ауданында балықшының өлі денесі суда табылды,-деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

 

Мамандар күн жылыған шақта, мұз үстіне шығудың аса қауіпті екендігін еске салуда.

 

Фото: Облыстық ТЖД