Екібастұзда түнде серуендеген ұлы үшін ата-анасы жауапқа тартылды
Екібастұзда түнгі рейд барысында полицейлер түнгі уақытта ойын-сауық орындарының бірінен жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды irbistv.kz.
Полиция мәліметінше, сағат 23:20-да тәртіп сақшылары ересектерсіз жүрген жасөспірімді мекемелердің бірінен анықтаған.
– Жол берілген құқық бұзушылық үшін жасөспірімнің заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар мекеме әкімшісіне қатысты да әкімшілік материал толтырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері балалардың ата-аналарынсыз немесе өзге де заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта көшеде және қоғамдық орындарда жүруіне қатысты 2670 дерек анықталған.
Осы жағдайларға байланысты ересектермен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, әкімшілік хаттамалар толтырылған.
