Екібастұзда түнгі уақытта ішімдікті заңсыз сату фактісі анықталды

Екібастұздағы сауда орындарының бірінде ішімдік сату дерегі түнгі сағат 00:55-те тіркелген.



«Ішімдік саудасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қатаң тыйым салынған түнгі уақытта жүргізілген. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері кешенді тексеру іс-шараларын жүргізуде. Тексеру қорытындысы бойынша сауда нүктесінің иелеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.



Жыл басынан бері шаһарда осы тектес 53 құқық бұзушылық анықталды. Оның 23-і ішімдікті заңмен белгіленбеген уақытта сату фактісіне тиесілі.