Екібастұзда жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі анықталды

 

 

Жүргізуші өнідірістік аумақ бекетінен өту үшін, өзге көліктің нөмірін тағып, алдауға тырысқан дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Екібастұз – “Батыр” БП автожолында полицейлер 47 жастағы қала тұрғынының басқаруымен «Shaanxi» маркалы автокөлік құралын тоқтатты.

 

-Тексеру кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жалған екендігі анықталды. Жүргізуші оның екі бірдей көлігі бар екенін түсіндірген. Біреуі сынған, ал карьер аумағына кіруге рұқсат тек сол техникада ғана болған екен. Жүргізуші көлік құралдарының нөмірлерін ауыстырып, қиыршық тасты тасымалдаған. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Нөмірлік белгілерді алынды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды,– деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

 

Айту керек, баптың санкциясы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуды және 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді. Айта кету керек, жыл басынан бері Екібастұзда жүргізушілердің көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автокөліктерді басқарған 5 фактісі анықталды.

 

Фото: Екібастұз ПБ