Екібастұзда жас жігіт екі вагон арасында қысылып көз жұмды қалды

 

 

Жаға ұстатарлық кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Аймақтық еңбек басқармасында көз жұмған 2002 жылғы жігіт пойыз құрастырушысы болып жұмыс істегенін мәлім етті. Бейнеде жұмыскердің екі состав арасынан өтіп бара жатқанын көруге болады, сол кезде ол екеуі бір-біріне қосылып кетеді. Жапа шегуші тұрып кетпекші болғанымен құлап қалады. Өкінішке орай алған жарақаттан ер адам сол жерде көз жұмды.

 

-Екібастұз полицейлері еңбек қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша тергеу бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Оның нәтижелері және еңбек инспекциясы қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады,-деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.

 

Фото: Freepik.com