Екібастұзда ұрланған көлік Астанада табылды

 

 

Көлікті айдап әкеткен елорда тұрғыны ұсталды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Екібастұз қаласының шетінде орналасқан зиратта қызметкердің автокөлігін белгісіз біреу айдап әкеткен. Полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп, күдікті өзге қаладан анықталды.

 

-Астана қаласының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Екібастұз қаласының шетінде орналасқан зиратта қызметкерге тиесілі Ауди-80 автокөлігін еркін қол жеткізу жолымен айдап әкеткен. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда,-деді облыстық полиция департаментінде.

 

Фото: Облыстық ПД