Екібастұздағы кісі өлімінің себебі анықталды
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады.
- Кісі өлтірудің себебі белгілі болды. Бұл күдікті мен жәбірленуші арасындағы бұрыннан келе жатқан тұрмыстық және жұмысқа байланысты жанжал, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.
Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмыс қаруы тәркіленіп, сараптама тағайындалды.
