Екібастұздық жасөспірім ата-анасымен жанжалдасып, үйден қашқан

 

Жоғалған кәмелетке толмағанды іздестіру үшін жақындары полиция көмегіне жүгінді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Екібастұз қаласының полициясына 16 жасар жасөспірімнің жоғалғаны жайлы ата-анасы жеткізген.

 

-Ата-анасымен телефон үшін жанжалдасқаннан кейін үйден кетіп қалған. Ұл бала екі күн бойы қонуға келмеген. Іздеу жұмыстарына Павлодар облысы ПД жеке құрамы, еріктілер жұмылдырылып, іргелес үйлердің аулалары пысықталды, көршілер мен достарынан сұхбат алынды. Нәтижесінде жедел уәкілдер жоғалған баланы әжесінің үйінен тапты, ол досынан келіп, екі күн жасырынып жүрді. Қазіргі уақытта жасөспірім ата - анасына табысталды, онымен және жақындарымен бақылауды күшейту туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді-деп хабарлады Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

 


Фото: Freepik.com