Енді ХҚКО-на бару үшін алдын ала бронь жасап керек емес

Алайда мұндай жұмыс тәртібі клиенттердің бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді және бір апта аралығында брондау үшін бос уақыт табуға қиын болды. Енді орталық қызметкерлері келушілердің мәртебесін өздері тексереді.

- «Азаматтарға арналған үкімет» МК талондарды беру жүйесін «Ашық» жүйесімен беруді қолданысқа енгізді. Яғни біздің ресепшндегі қызметкерлеріміз талонды берген кезде адамның ЖСН тергенде оның мәртебесін көреді, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының PR менеджері Мейрамгүл Абдрахманова.

Маманның айтуынша мұндай тексеріс кезінде клиентте қауіпті мәртебесі шықса бағдарлама автоматты түрде талон бермейді. Сондай-ақ, келушінің қалауы бойынша брондау жүйесі сақталған. Айта кететіні, халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-дейін, ал сенбі күні 14.00-ut дейін азаматтарды қабылдайды.