Ер адам көлігінде жанып кете жаздады

Мына кадрлар тәртіп сақшысының бейнежетонына түсірілген. Барлығы әп-сәтте орын алған. 30 жастағы қыз күре жолда бұрылмақ болған сәтте басқа көлікпен соғылған деп хабарлады полицейлер. Апат «Audi»-дің отқа орануына әкелген. Ал бір жолаушы көлікте қысылып қалады.

 

- Машинаға жүгіріп барды. Жолаушылар ол кезде көліктен шығып үлгерген. Алайда жас жігіттің аяғы орындықпен панель арасына қыстырылып қалған. Полицей Айғожин жолаушының аяғын босатып оған салоннан шығуға көмектесіп, жол шетіне апарды, - Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

 

Полицияда оқиға орнына дәрігерлер мен өрт сөндірушілер шақырылғанын хабарлады. Нәтижесінде жеңіл көлік толығымен жанып кетті. Екі жолаушы ауруханаға жатқызылса, машинаны айып тұрағына жөнелтті. Қазір апат дерегі бойынша тексеріс тағайындалған.