Ерекше киімінің салдарынан ұсталып қалды

- Күдіктінің ерекше белгілері сипатталған хабарлама барлық полиция бекеттеріне жіберілді. Жақын маңаттағы аулалар мен үйлер, подъездер тексеріліп, нәтижесінде үйлердің бірінен күдіктіге ұқсас адам анықталған. Полицейлер жігіттердің бірі шалбарын теріс аударып киіп алғанын байқапты. Тексеру барысында оның бір шалбардың сыртынан екіншісін кигені белгілі боолды. Жігіт телефонды ломбардтқа тапсырып үлгеріпті, - деді Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Данияр Бек.

 

Сондай-ақ сол күні Катаев көшесінде белгісіз ер адам бойжеткенді қорқытып, 10 000 теңгесін алып кеткендігін туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бірден оның ерекше белгілерін жасап, 10 минуттың ішінде тапты. Ол қаңғыбастардың бірі болып шыққан. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау қапасына тоғытылды.

 

Дерек бойынша ҚР ҚК «Тонау» 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.