Ертіс ауданында екі көлік соқтығысып, жүргізуші жарақат алды

 

Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізілуде деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Ертіс ауылындағы жол-көлік оқиғасы 2 қыркүйекте болған.

 

-Астана-Мүткенов көшелерінің қиылысында "Hyundai Sonata " маркалы авто жүргізушісі жол бермей, "Volkswagen Passat "көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Автокөліктер арнайы автотұрақтарға қойылды. Тексеріс жүргізуде,-деп жеткізді облыстық полиция департаментінде.

 

Сонымен қатар, Павлодарда 1 қыркүйек күні Восточный кәсіпорын ауданы көшесіндегі өзге жол апаты тіркелді.udi B4" маркалы автомашинаның жүргізушісі жол бөлігін белгісіз жерде кесіп өткісі келген жаяу жүргіншіні қағып өтті. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізіліп, арнайы тексеріс жүргізілуде.

 

фото: Облыстық ПД