Ертіс ауданында мас күйіндегі мотоцикл жүргізушісі ұсталды
Алкоголь ішіп, мотоцикл басқарған ер адам әкімшілік жауапқа тартылды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Аудандағы Бөгенбай батыр көшесінде полицейлер мотоцикл көлігін тоқтатып, жүргізушімен сөйлескен кезде алкогольдің өткір иісін байқаған.
-Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші мас күйінде екендігі расталды. Бұл ретте, ер адамның көлік құралдарын жүргізуге құқығы болмағандығы анықталды. Осы бұзушылықтар үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды,-деп жеткізді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрғиса Зупашев.
Ауданда жыл басынан бері 350-ден астам жол жүру ережелерін бұзу фактілері тіркелді. Оның ішінде мас күйінде көлік жүргізудің 14 жағдайы болған, тағы 57 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпаса, 24 жүргізуші құжатсыз көлік құралдарын басқарған.
Фото: pixabay.com