Ертіс ауданында медбикені балағаттаған ауыл тұрғыны қамауға алынды



Ауылда мас күйінде көшеде жүрген ер адам тұрғындарға кедергі келтірген деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Ауылдықтар полиция шақыртып, тәртіп сақшылары ер адамды емханада медициналық куәландыру жүргізуге апарады. Ол жерге кіре сала, балағат сөздер айтып, қабылдау бөлмесінің медбикесіне наразылығын білдірді.

 

-Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ер адам жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды, оның қаулысымен бұзушыға 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза қолданылды. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін ер адамға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.

Жыл басынан бері Павлодар облысында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 310 қылмыскер жазаланды, оның үшеуі Ертіс ауданының тұрғындары.

Freepik.com