Ертіс ауданында әкесін өлтірген 29 жастағы жігіт темір торға қамалды

Сот айыпталушының адам өлтіру ойы болмағанын анықтады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі

 

Әке мен бала арасындағы жанжал үйде болған. Ер адам ұлының бөлмесіне келіп, үй шаруасына көмектесуін сұраған. Нәтижесінде екеуі сөзге келіп қалып, жігіт әкесінің белтұсына бір рет пышақ сұғып алған. Полицейлер бұл әркетті адам өлтіру деп бағалағанымен сот басқаша шешті.

 

-Сотқа дейінгі тергеу органы сізде адам өлтіруге әрекеттену ойы болғанын дәлелдей алмады. Себебі бұған дейін әкеңіз екеуіңіз арасында жанжал болмаған, қарым-қатынастарыңыз жақсы екендігі анықталды, -деді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Бақыт Нұрланов.

 

Абайсызда адам өліміне әкелген денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша үкім шығарды. 29 жастағы жігітті кінәлі деп танып, 8 жылға темір торға қамау жазасын тағайындады. Туысқандардың ешқайсысы моральдық немесе материалдық шығын туралы айтпады.

фото: Freepik.com