• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Газ кілтімен соққан: Танысын өлтірген Павлодарлық ер адам 8 жарым жылға сотталды

Газ кілтімен соққан: Танысын өлтірген Павлодарлық ер адам 8 жарым жылға сотталды

 

 

 

 

Сотта екі павлодарлықтың 2022 жылдың қарашасында жеке сектор үйіндегі гаражда ішімдік ішкені анықталды. Түнгі уақытта олар сөзге келіп қалған, себебі, бірі бұрынғы ренішін білдіре бастаған. Жанжал төбелеске ұласып, екіншісі газ кілтімен бірнеше рет басынан соққы жасап, соңында зардап шегуші ауруханаға жеткізілген.

 

- Газ кілтімен зардап шегушіге бірнеше рет соққы жасады. Жәбірленушінің өлімі ауруханада бас миының жарақатына байланысты мидың ісінуінен болды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жәбірленушінің өлімі осы дене жарақаттарынан болған,-деді №2 Павлодар қалалық сотының судьясы Әйгерим Байсолтанова.

 

Сотта айыпталушы өзінің тек қорғанғанын дәлелдемек болды. Айтуынша, танысы төбелесті бірінші бастап, тұншықтырған. Дегенмен судья сарапшылар көгерген іздерді анықтамағанын айтты. Ер адамды денсаулыққа қасақана зиян келтіру, нәтижесінде абайсызда адам өліміне алып келу бабы бойынша кінәлі деп танып, 8 жарым жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.