• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Интернет алаяқтықтан сақтаныңыз!: Павлодарлық мамандар қырағылық танытуға шақырды

Интернет алаяқтықтан сақтаныңыз!: Павлодарлық мамандар қырағылық танытуға шақырды

 

 

Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департаменті аймақ тұрғындарын онлайн сауда жасау кезіндегі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Аймақ тұрғыны әлеуметтік желіде алаяқтардың құрығына түсіп қалған. Ол смартфон сатып алмақшы болып, жалған кәсіпкерлерге бүкіл соманы аударып үлгерген. Кейін оны бұғаттап тастапты.

 

-Содан кейін сатып алушы біздің департаментке жүгінді. Біз анализ жүргізіп, сәйкес сауал жолдадық. Нәтижесінде тұтынушыда чекте Ақтау қаласы деп көрсетілгені анықталды. Ал төлем жасалған ұйым Павлодарда тіркелген, ал инстаграм парақшада сатушы Петропавлда деп көрсетілген. Бұның алаяқтық екені айтпаса да түсінікті,-деді Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Дәулен Қабдушев.

 

ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау» жөніндегі заңының 24 бабына сәйкес сатушы сатып алушыға фото, бейне түсірілім жасауға шектеу қоя алмайды. Басқаша айтқанда сатып алушы тауар туралы барлық ақпаратты алуға құқығы бар. Сонымен қатар киім өлшеуге арналған бөлмеге қанша киім алып кірсеңіз де құқығыныз шектелмейді.

 

Фото: Freepik.com