• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Кәсіпкерден ақша бопсалаған екі павлодарлыққа қатысты сот үкімі шығарылды

Кәсіпкерден ақша бопсалаған екі павлодарлыққа қатысты сот үкімі шығарылды

 

 

 

Екі ер адамды алдын ала келісім бойынша топ болып ақша бопсалау деген баппен төрт жарым жылға темір торға қамады. Естеріңізге сала кетсек, көктемде полицейлер кәсіпкерлерден 52 миллион талап еткен деген күдікпен жігіттерді ұстаған еді.

 

Полицейлер ақша бопсалаған екінші күдіктіні қолға түсіру сәтін сәуір айында жариялаған. Оған дейін бір ай бұрын бірінші күдіктіні ұстаған болатын. Олар екі кәсіпкерден 52 миллион талап еткен. Алайда сотта судья аса ірі көлемде ақша бопсалады деген тармақты алып тастады. Себебі ол дәлелденбеген. Тек 750 мың теңге алған.

 

-Сотталушының олардың әрекетін өздігінен әрекет ету деп тануы туралы ұсынысы қанағаттандырылмады. Себебі бұл анық айғақтармен дәлелденбеді. Өздігінен әрекет ету кезінде кінәлі тұлға өз құқығын басқа тұлғадан даулай алады. Сотталушыларда жапа шегушілерге қатысты ақша талап ету құқығы болмаған. Аталмыш жағдай олардың әрекетінде өздігінен басқару болды дегенді жоққа шығарады,-деп мәлім етті Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Нұрлан Айтбаев.

 

Нәтижесінде сот үкімімен екеуін қауіпсіздігі орташа мекемеге төрт жарым жылға қамады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.