Көшедегілерді шошытқан: Павлодарда итін тұмылдырықсыз серуендеткен тұрғындар жазаланды
Павлодарда тұрғындардың шағымынан кейін полиция үй жануарларын серуендету ережелерін бұзған екі иттің иесін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды irbistv.kz.
Бірінші жағдайда полицияға жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол ер адамның ірі итті тұмылдырықсыз серуендетіп жүргенін, және өтіп бара жатқан адамдар үшін қауіпті екенін айтқан.
Тағы бір хабарлама Бұқар жырау көшесіндегі үйдің тұрғындарынан түсті. Олардың айтуынша, аулада қарғыбауы бар овчарка ит қараусыз жүгіріп жүрген.
– Учаскелік полиция инспекторы ит иелерін анықтап, жауапкершілікке тартты. Павлодарлықтар өздерін ақтау мақсатында иттерінің момақан, тыныш екенін және ешкімге тиіспейтінін айтып түсіндірді, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.
