Кемеңгер ауылы маңында қараусыз жүрген сиыр иесіне айыппұл салынды

 

 

"Павлодар - Шарбақты" автожолында бақылаусыз жүрген қара малға тәртіп сақшылар тап болып, тез арада иесі анықталған дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Кемеңгер ауылының маңында 20 сиыр иесіз жайылып жүрген.
- Жануарларды жаю ережелерін бұзғаны үшін иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деді Павлодар ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Данат Смағұлов.


Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 162 мал иесі жауапқа тартылды.

 

 

Фото: Облыстық ПД