Кенжекөлде суға кеткен жігітті іздеу жүргізілуде

 

Ер азамат бүгін түскі мезетте Ертіс өзеніне суға түсіп жоғалып кеткен дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Оқиға орнына төтенше жағдай мамандары жұмылдырылып, осы күні құтқарушылар іздеу шараларын бастап кеткен.

 

-10 маусымда сағат 14-30-да Кенжекөл кентінде Ертіс өзенінде шомылу кезінде жабдықталмаған жағалауда 1999 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. ТЖД құтқарушыларының күшімен іздеу жұмыстары жүргізілуде,-деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.