Кенжекөл ауылдық округінің жаңа әкімі сайланды

Тұрғындар таңертеңгі сағат жетіден бастап сайлау учаскелеріне ағылды. Кенжекөлдің өзінде екі мекенжайда дауыс беру мүмкін болды. Сонымен қатар түрлі себептермен үйінен шыға алмайтын азаматтар үшін де өз таңдауын жасауға жағдай жасады.

-Біздің 50-ші сайлау учаскесінде 23 адам үйден дауыс береді. Ол адамдарға сағат екіге қарай арнайы комиссия мүшелері шығады арнайы жәшікпен,-деді 50-сайлауучаскесінің төрайымы Самал Қалиева.

 Сайлау барысы бақылаушылардың қатысуымен өтті. Ал ауылдықтар үшін бұл күні мерекелік концерт ұйымдастырылып, арзан бағамен азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді. Дауыс беру нәтижесіне сай кандидаттар арасынан өзін-өзі ұсынған Кенжекөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 1983 жылғы Медет Мұхамед Сансызбаев 1483 дауыс жинап жеңіске жетті.