Кенжекөл ауылында жер үй өртенді

 

 

Жеке сектордағы үйдің шатыры өртеніп, оқиға орнына төтенше жағдай мамандары жұмылдырылды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Ауылдағы үйдің өртеніп жатқан туралы хабарлама 101 пультіне таңғы сағат 03:52-де түсті.

 

-Павлодардың Кенжекөл ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына жедел жеткен 3-ші ӨБ өрт сөндірушілері шатырдың ағаш құрылымдары жанып жатқанын анықтады. Мамандардың келісілген іс-әрекетінің арқасында өрттің таралуына тосқауыл қойылып, ауыздықталды,-деп жеткізді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

 

Қазіргі таңда шығын көлемі есептеліп, өрттің шығу себебі анықталуда.

 

Фото: Freepik.com