Кенжекөлде шетел азаматтары заңсыз құрылыс жүргізген

 

 

Көші-қон полициясының қызметкерлері Кенжекөл ауылдық округінің аумағында шетелдік азаматтардың еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісін анықтады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Өзбекстанның алты азаматы екі қабатты ғимарат салумен айналысқан.

 

-Шетел азаматтарында рұқсат құжаттары ресімделмеген. Өзбекстандықтарға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа қарауға жіберілді. Сондай - ақ, жұмыс берушіге айыппұл түрінде жаза қолданылды,-деп хабарлады Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі бастығының міндетін атқарушы Азамат Елеутаев.


Айта кетейік, биыл заңсыз еңбек қызметінің 307 фактісі жойылды. 105 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Фото: Облыстық ПД