Күйеу баласын өлтірді деген ұшқыштың ісін қайта қарауда

Тергеу нұсқасы бойынша бұл оны қарындасының өлімі үшін кек алу мақсатында жасаған. Қылмысты жүзеге асыру үшін өткен жылдың наурыз айында Павлодардан Нұрсұлтанға жасырын түрде келген. Алайда айыпталушы мұны жоққа шығарды. Келіспей отыр.

 

Бүгін елордалық аппеляциялық сотта Михаил Поповтың ісі бойынша алғашқы тыңдау өтті. Баспасөз өкілдеріне рұқсат етпеді. Сонымен қатар айыпталушының анасын да отырысқа қоспады. Әйелдің айтуынша тергеуде оның ұлына қатысты тікелей айғақ жоқ. 

 

- Жауап алынған барлық куәгерлер, барлық деректер қылмыстық процессуалдық кодексті бұза отырып алынған. Айыптау үкіміне келсек ол кінәсіздіктің анық-қанығына жетпей шыққан, - деді көз жұмған Лилия Мельниктің анасы Галина Мельник.

 

 

Галина Мельник бірінші инстанция сотының үкімін жоюға немесе түбегейлі өзгертуге ниетті. Айтуынша мерзімді азайтуды қаламайды, ұлын толығымен ақтап алғысы келеді.