• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Күш қолданып көлік ұрлаған Павлодар азаматы бас бостандығынан айырылды

Күш қолданып көлік ұрлаған Павлодар азаматы бас бостандығынан айырылды

20 жастағы жігіт ер адамнан оны Павлодар қаласы маңына алып баруды өтінген, нәтижесінде ол жүргізушіні пышақпен қорқытып, көлікті ұрлап кеткен. Тереңкөл тұрғыны 2022 жылдың қараша айында таңғы сағат 4-те Камзин көшесінде көлікті байқап қалған. Алдымен жүргізушімен ол оны Толстой көшесіне дейін жеткіз деп келіскен. Онда жолаушы әпкесінен ақша алып, төлеуді көздеген мыс, бірақ ол үйде болмай шыққан. Дегенмен, кіреберістен пышақты тауып алып жоспарын өзгерткен. Кейін Павлодар ауылына дейін жеткізіңіз деген уәж айтылған, нәтижесінде 7 мың теңгеге келіскен.Межелі жерге жеткен қаскөй күш көрсете бастаған, жүргізушікөліктен секіріп қашып құтылған, ал қарақшы көлікті ұрлап кеткен. Алайда ол алысқакете алмаған. Ішімдікке тойып алған ер адам жолда көлікпен аударылған. Бұл ретте, №2 сотта оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.