• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Көлік жуу орнында бір аяғынан айрылған Валентина Найдинаға шұғыл ем керек

Көлік жуу орнында бір аяғынан айрылған Валентина Найдинаға шұғыл ем керек

Валенитина  Найдина сәуір айының басынан емханалардың табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Барлық анализдерді тапсырып, мамандар қараған соң сәуірдің 26-сы екінші мүгедектік тобын берген. Бұл ретте арнайы арба қарастырылмаған. Таяқпен жүруге де шамасы жоқ.

 

- Емдік шараларды ұзақ күттім. Аяғым ісіп, сұйықтық жиналуда. Протез салғызбасам да таяққа тұрып бір аяғыммен жүрсем деп едім. Облыстық ауруханаға, БСМП-ға бардым. Кеше бірінші емханада маған сізге оңалту қарастырылмаған деді. Себебін айтпады. Тіпті УДЗ жасаудан бас тартты. Еш емшара жүргізіліп жатқан жоқ, - дейді Валентина  Найдина.

 

Валентина дәл қазір протез кию үшін оңалту шаралары ауадай қажет екенін айтады. Екі аяғында да қабыну процесі басталған. Травматолог дәрігер аяғына спирттік салфетка басып, йодпен тор жаса деген кеңес беріпті. Бүгін денсаулық сақтау басқармасында емдеу жақын арада басталады деді.

 

- Қазіргі жағдайға байланысты медициналық қызметкерлердің консилиумы өткізіледі. Сол консилиум қортындысы бойынша қажетті медициналық қызметтер көрсетіледі. Арнайы оңалту жұмыстары да жүргізіледі. Бұл науқасты ерекше бақылауымызда ұстап жатырмыз, - дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

 

 

Денсаулық сақтау басқармасында оңалту шаралары қалай да болады деді. Еске сала кетсек, маусымның оны күні көлік жуу орнының иесі аппеляциялық шағым түсірген. Алғашқы сот отырысында Валентина жеңіске жеткен еді. Алда оны әлі де бірнеше тыңдаулар күтіп тұр. Сол кезде ғана еңбек басқармасы жазатайым жағдай дерегі бойынша тексерісті бастайды.