Көлік жуу орнында жапа шеккен қызға қатысты сот шешім шығарды

Азаматтық сотта бірнеше отырыс бойы куәгерлерден жауап алды. Олар - негізінен көлік жуу орнының жұмыскерлері. Қазіргі таңда кешенде 19 адам еңбек етуде. Олардың бірі жапа шеккен Валентинаны жұмысқа ешкім қабылдаған жоқ деп айтты.

- Маған Оксана сол оқиғадан кейін келіп, жазатайым жағдай орын алғанын айтты. Оксана келіп, маған Валентина Найдина екеуіміз артық ақша жасап жүрдік деп айтты, - куәгерлердің бірі. 

Соттағы соңғы куәгер - көлік иесі. Әйел мұнда жылына бір рет машинамды тазалайтынмын деп айтты. Әдетте көлігін үнемі бір ғана адам жуады екен. Алайда ол сол күні орнында болмаған. Автомобильдің кілтін жұмыскерлерге алаңсыз беріп келгенін де жасырмады. Қайғылы оқиға орын алған күні Валентина Найдинаны да кешен жұмыскері деп ойлағанын айтады. 

- Найдинаның аяғында резеңке кебіс пен тоқылған шұлық болды. Сол ғана есімде қалыпты. Ал Капустиннің қандай киімде болғаны есімде жоқ. Тек киімі су болғанын білемін, - деді көлік иесі.

Бұл ретте сотта арнайы киім туралы да дауласты. Жауапкер мен оның қызметкерлері үнемі униформада жұмыс істейтіндерін айтып сендірді, ал көлік иесі ондай киіммен жүргендерін мүлдем көрмегенін жеткізді. Барлық  тарап тыңдалды, оны прокурор да қорытындылады. Ол қуыным жартылай қанағаттандырылады деді. Және еңбек қатынастарын растау шешімін шығарды. Сот Валентина Найдинаның жағына шықты.

- Қуыным беруші мен жауапкердің арасындағы еңбек қатынастары дерегі көлік жуу орнында орын алған жазатайым жағдаймен және куәгерлердің жауабымен расталады. Бұл машина жуатын орынның клиенттері және бұрынғы қызметкерлері. Бейнежазба да дәлел болып отыр, - деді судья.

Сонымен қатар судья прокуратура мен еңбек басқармасы атына жеке қаулы шығарды. Ол бойынша көлік жуатын орында тексеріс жүргізеді. Ал тараптарда шешімге шағымдануға бір ай бар.