Ленин кентінің тұрғыны ағасын өлтіргені үшін колонияға жіберілді

 

 

Ер адам 2022 жылдың қарашасында диванда жатқан туысының кеудесіне пышақ салған. Қылмыстың себебі жиі қақтығыстар болған. Айыпталушы денсаулығына байланысты жұмыс істей алмапты, сондықтан түсініспеушілік орын алып отырған. Сотталушы тыңдауларда айғақтар беруден бас тартты және жасаған әрекетін толық мойындады.

 

- Іс бойынша жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, сот айыпталушыны 99-баптың 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды және оған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде жазасын өтей отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді,-деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.