Майқайың кенішіндегі апат мәселесі сотта қайта қаралады
Қылмыстық іс материалдары Екібастұз қалалық сотына жолданды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың қаңтарында болған еді. Автобустағы 4 қызметкер жер астына түсіп кетіп, денелері жарты жылдан кейін шығарылған болатын. Нәтижесінде, қылмыстық іс қозғалып сотталушы тағына 6 адам отырды Арасында кәсіпорынның бұрынғы басшысы да бар. Тыңдаулар бастапқыда Баянауыл ауданы сотында қаралғанымен жалғыз судья отставкаға кетіп, тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген іс материалдары Екібастұз қалалық сотына жолданды. Енді жәбірленуші, куәгерлер мен айыпталушы тарап сот залында қайта тергелмек. Айта кету керек, кінәлілерге тағылған баптар 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Фото: Freepik.com