• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Майқайыңда жер астына түсіп кеткен автобус жүргізушісінің мәйіті табылды

Майқайыңда жер астына түсіп кеткен автобус жүргізушісінің мәйіті табылды

 

Бүгін, 25 шілде күні Павлодар облысы Майқайың ауданында алты ай бұрын жер астына түсіп кеткен автобустағы төртінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

 

Сағат 16.20-да «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде соңғы құтқарушы - жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі табылды.

 

-Құтқарушының денесі жоғары көтеріліп, сараптама жүргізу үшін жедел-тергеу тобына берілді. Айып Тілеубергеновтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмға иман байлығын берсін. Іздестіру жұмыстарына әр түрлі мамандар мен сарапшылар, тау-кен ісінің ардагерлері, кинологтар, арнайы техника мен дрондар тартылды, өңірдің барлық авариялық-құтқару қызметтері жұмылдырылды. Жоғалған адамдарды табу үшін күндіз-түні жұмыс істеген барлық жанға алғыс айтамын. Өкінішке орай, адамдарды құтқаруға деген үміт қайғыға алмасты,-деп жеткізді облыс әкімі Асайын Байханов.

 

Облыстық ТЖД хабарлағандай, іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы және айтарлықтай қауіппен жүргізілген. Тау жыныстары мен топырақ үнемі сырғып түсіп жатты. Жұмыстарға әртүрлі қызметтердің 200-ден астам қызметкері тартылды. 180 мыңнан астам тонна тау массасы шығарылды.

 

Фото: Валерий Бугаев