Майқайыңдағы апат: Жоғалған автобус бампері мен доңғалағы табылды

 

«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда дейді irbistv.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Казба жұмыстары кезінде опырылған жер астына кеткен құтқарушылардың автобусы табылды. Ауа-райына қолайсыздығына және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуде.

-Бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы көрінді. 55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Жақын арада іздестіру жұмыстары нәтиже береді деген үміттеміз,- деп мәлім етті Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

фото: Валерий Бугаев