Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Мас әйел павлодарлықтардың мазасын алған

оқиғалар

12
Қаңтардың 10-ы Павлодар қаласы Қамзин көшесіндегі 92-үйдің тұрғындарынан полиция бөліміне қоңырау келіп түскен. Олар пәтерлерінің есігін белгісіз бір әйел қағып, баса-көктеп кірмекші болып тұрғанын айтқан. Аталған мекенжайға келген полицейлер әйелдің мас екенін анықтады. Ол қонақтан қайтып келе жатып, қатты тоңып қалғанын және бөтен пәтерлердің есігін қағып жылыну үшін кірмек болған дейді полицейлер.

Азаматша уақытша бейімдеу және детоксикациялау  орталығына  жеткізілді. Сондай-ақ, құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік өндіріс  қозғалды, оған сәйкес ол жауапкершілікке тартылады.

 

Сол күні сағат 22:35-те 102 операторларының пультіне Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде бір топ жастар  спирттік ішімдіктер ішіп жатқаны туралы қоңырау келіп  түсті. Аталған мекенжайға келген полицейлер барлығын ұстап, оларға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, өткен жылы Павлодар облысының аумағында қоғамдық орындарда мас болған 7920-дан астам бұзушы анықталған.

 

Сонымен бірге, полиция қоғамдық жерде мас болу – бұл әдептілік пен қоғамдық тәртіпті бұзу екенін еске салады. Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың едәуір бөлігі алкогольдің әсерінен жасалады. 

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()