Масаң жүргізуші 15 тәулікке қамалды
Успен ауданында полицейлер мас күйдегі мотоцикл жүргізушісін тоқтатты деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Лозовое ауылдық округі жолында Урал маркалы мотоциклді басқарған адам тәртіп сақшыларының күдігін туғызған. Сонымен қатар оның мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргені анықталды . Полицейлер онымен сөйлескен кезде ішімдіктің иісін аңғарған. Кейін медициналық куәландыру қорытындысы жүргізушінің аздап алкоголь ұрттағанын көрсетті , - деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.
Жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айрылды, сонымен қатар 15 тәулікке қамауға алынып, 18.460 теңге айыппұл салынды.
фото: Freepik.com