• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Мерекелік дастарқан ұрлықпен аяқталды: Ақсу тұрғынына сот үкімі шықты

Мерекелік дастарқан ұрлықпен аяқталды: Ақсу тұрғынына сот үкімі шықты

Ақсу қаласында 8 наурыз мерекесін атап өтудің соңы қылмыстық іске ұласты. Дастархан басында бірге отырған әйел танысының құны 90 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап, кейін оны небәрі 1 мың теңгеге сатып жіберген, деп хабарлайды irbistv.kz.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, ұрлық ішімдік ішу кезінде орын алған. Мас күйде болған Ақсу қаласының тұрғыны танысының құны 90 мың теңге тұратын ұялы телефонын жымқырған.

Осыдан кейін әйел өзгенің телефонын небәрі 1 мың теңгеге сатып, оқиға орнынан ізін суытқан. Аталған дерек бойынша оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

– Сот әйелді ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Енді ол мерекелер мен ойын-сауықтың орнына пробация қызметінің есебінде болып, сот белгілеген шектеулерді сақтауға міндетті, – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ҚАЖД.