Мичурин психоневрологиялық орталығындағы дау-дамай

Оларға елордадағы жеке қайырымдылық қорында сауықтырудан өттіңіз деген хабарлама келген. Анықталғандай қызметкерлер туралы мәліметті емдеу мекемесінің басшысы берген екен. Және ол қол астындағы әр жұмыскерге түрлі жалған диагноз жазғызған.

Мичурин орталығының қызметкерлері ауруханаға жатқандары туралы хабарламаны шілде айының соңында ала бастаған.Олар өздеріне «ДамуМед» қосымшасында түрлі диагнозбен тіркелгендерін көрген. Оның ішіндегі ең көп тарағаны – жүйке жүйесінің ауытқушылығы. Дабыл қаққан адамдарға барлығын түзетеміз деген. Кейбірі тіпті жұмыс орнында болса да елордада емделіп келгенін біліп таң қалдық дейді.

 -1414-тен хабарлама келді. «ДамуМед-ті» ашсам менде буындардағы ортепедиялық импланттар деген диагноз жазылған. Ондай менде мүлдем жоқ. Біз 11 адам осындай диагноздарды алып тастағанын қалаймыз,-дейді Павлодар облысының Мичурин арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін облыстық психоневрологиялық орталығының пост медбикесі ҚарлығашЖаңғабулова.

-Біздің ЖСН ойларына келгенін жасауда. Бұған заң бойынша тыйым салынған. Ертеңгі күні ЖСН пайдаланып несие рәсімдеуі де мүмкін ғой. Түрлі диагноз қоя салуы мүмкін. Жеке қордың базасынан біз туралы мәліметтерді алып тастағанын қалаймыз,-деп мәлімдеді Павлодар облысының Мичурин арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін облыстық психоневрологиялық орталығының пост медбикесі Татьяна Францева.

Қызметкерлер сауықтырудан өтті делінген қайырымдылық қорында тек ментальдық ауытқушылығы бар адамдар ем алатын болып шықты. Ал Мичурин психоневрологиялық орталық қызметкерлері бізге ондай диагноздар қажет емес дейді. Бүгін орталық басшысы адамдар өздері ниет білдірді деп мәлімдеді.

-Көбісі иә келісеміз деді. Тек көктемде бізде тексеріс басталды. Мен еңбек демалысында болғанымда маған сауықтырудан өтуге болады деп ұсынды. Мен біздің кәсіподақ төрағасына хабарласып қызметкерлердің тізімін бер дедім,-деп жеткізді Павлодар облысының Мичурин арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін облыстық психоневрологиялық орталығының директоры Нұрлан Абашев.

Нәтижесінде қайырымдылық қорына 280 қызметкердің мәліметін берген. 11 адам ұжымдық арыз жазды дейді орталық басшысы. 20 адам барып емделіп келген-мыс. Ал қаладан тіпті елордаға шықпай жұмыста болғандар қай кезде барып ем алып жүр деген сұраққа директор жауап бере алмады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тексеріс тағайындаған.