• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Мичуриндегі психоневрологиялық орталық қызметкерлеріне қатаң сөгіс жарияланды

Мичуриндегі психоневрологиялық орталық қызметкерлеріне қатаң сөгіс жарияланды

Емдеу мекемесінің қызметкерлері елордаға бармаса да басшыларының оларға түрлі диагнозбен жеке меншік сауықтыру орталығына жібергенін «ДамуМедке» келген хабарлама арқылы білгендерін айтқан еді. Қазіргі таңда шағым түсірген он бір адамның мәліметтері қосымшадан жойылды деп хабарлады әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы.

 

-Қазір денсаулық сақтау басқармасымен бірге біз қызметкерлердің толық тізімін қарап жатырмыз. Олардың саны 300-ден асады. Қазір денсаулық сақтау басқармасы мен денсаулық сақтау министрлігі мәліметтерді салыстыруда,-деп мәлімдеді Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова.

 

Басқарма басшысының айтуынша, «ДамуМедтегі» ақпараттарды жою үшін бір айдай уақыт кетеді. Қазір емдеу мекемесінің бұған қатысы бар бірқатар қызметкеріне қатаң сөгіс жариялаған.

 

-Барлық кінәлі тұлғаларға тәртіптік жаза тағайындалды. Сонымен бірге облыстық прокуратура қызметтік тергеу жүргізуде. Оның нәтижесі бойынша аталмыш мекеме басшысы жауапқа тартылады, деп жеткізді әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

 

Әлеуметтік қорғау басқармасында мәлімдегендей Павлодар облыстық прокуратурасы сауықтырудан өтпеген қызметкерлердің МӘМС ақшасы жұмсалды ма жоқ па екендігін анықтайды.