Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталушы кінәсін мойындамады

 

 

Айыпталушы ер адам сотта тек қыздың денесін жасыруға көмектескенін жеткізді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Сотта басты теругеге көшті. Прокурор Милана Давыдованы анасы мен оның көңілдесі өлтірген деген айып тақты. Тергеу нұсқасы бойынша қызы анасын басқа еркекпен көріп қойған. Тыңдаулар кезінде сотталушылар өз пікірін айтты. Әйел кінәсін мойындады, ал ер адам мойындамады.

 

-Жартылай ғана мойындаймын. Қылмысты жасырғаным болмаса, мен келген бетте ол оны өлітірген. Маған оны тығуға көмексетуді сұрады,-деп айтты айыпталуы ер адам.

 

Айыпталушы істі жабық тәртіпте қарауды сұрады. Алайда бұл ұсынысын қабылдамады. Сонымен қатар оның 1991 жылдан бастап бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Мінберге Милананың әкесі Александрды шақырған кезде ол 2023 жылы 17 қарашада болған оқиғаны ұлы айтып бергенін жеткізді.

 

-Әйелімнің соққы жасағанын көрді. Жұдырықпен соққан 4 рет. Ол құлағанда, Асқар келіп, оны қылқындыра бастаған,-деп жеткізді марқұмның әкесі.

 

Милананың әкесі қазір әйелімен араз екенін жеткізді. Өзі жоқта сотталушының келіп жүргенін естіген. Александр әйелім кейде балаларға қол көтеретін деді. Куәгерлерден күні бойы жауап алынды. Естеріңізге сала кетейін, бұл қылмыс үшін бап бойынша 20 жылға немесе өмір бойына темір торға қамау қарастырылған.