Мұғалім қызды зорлады деген айыпталушыға бүгін үкім шығарды

Бұл оқиға туралы ФБ желісіндегі «Не молчи» қоры парақшасында белгілі болған еді. Ер адам мектепке бара жатқан қызды иесіз үйге сүйреп, зорлаған.  Кейін тәртіп сақшылары күдіктіні басқа ауылда тығылып жатқан жерінен тауып алғандарын хабарлады. Бұған дейін тақілеттес қылмыс жасағаны да белгілі. Алайда жапа шегуші ол кезде арызын қайтып алған. Бүгін айыпталушыға үкім шығарды.

 

- Сотталушыға заң бойынша осы қылмысы үшін қарастырылған ең қатаң жаза 15 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтейтін болады, - деді Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Нұрлан Айтбаев.

 

Айыпталушы ең аз мерзім беруді өтінді. Ол өз кінәсін ішінара мойындады. Сотта зорлау және өлтірем деп қорқыта отырып, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасау деген екі бап бойынша айып тақты. Сонымен қатар ер адамды жапа шегушіге екі миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Ал екінші сотта 23 жастағы жігітті бес жылға абақтыға қамады. Оны осы жылдың мамыр айында 20 жастағы қызды зорлағаннан кейін ұстаған. Қылмыс Павлодардағы пәтерлердің бірінде орын алды. Қорғаушылар ақтау үкімін шығаруды сұрады. Айта кету керек, екі  шешім де  әзірге заңды күшіне енген жоқ.