Облыста бір тәулікте 30 мың шаршы метрден астам еріген су шығарылды

Павлодар облысының бірқатар ауылдарында су тасып, үйлеріне дейін жеткен деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі

 

Павлодар ауданындағы Розовка ауылы мен Ертіс ауданындағы су тұрғындардың үйлеріне дейін келіп жеткен. Бұл туралы жерлестеріміз бейнелерін әлеуметтік желілерге жариялаған. Әбігерге түскен азаматтарға ТЖ мамандары көмекке келіп, суды сорып алу жұмыстары тоқтамай жүргізілуде. Депаратаментте тәулігіне 30 мың м3 астам еріген су, 420 тонна қар шығарылып, 1417 қап инертті материал төселгенін жеткізгенін хабарлады. Мамандар су қауіпті кезеңге дайындалуға шенеуніктер жауапты екендігін еске салды.

 

- Судың тасуына дайындықты жергілікті атқарушы билік ұйымдастырады. Біз шамамыз келгенше көмектесеміз, жедел күштерге жетекшілік етіп, салдарын ретке келтіруді жүзеге асырамыз. Мысалы, өрт сөндіру бекеттерінен қызметкерлер мен жалынды ауыздықтауға арналған техника мен мотопомпаларды жұмылдырып жатырмыз,-деді Павлодар облысы ТЖД басшысының орынбасары Олег Трещев.

 

«AMANAT» партиясының облыстық филиалындағы жиналыста депутаттар аудан тұрғындарынан келіп жатқан хабарламалар бойынша сауалдарын қойып, кәсіби мамандардың болжамдарын сұрады. Белгілі болғандай Баянауыл ауданында қар жылдағыдай гөрі төмен деңгейде. ТЖД-ті мәліметінше облыстың солтүстігінде қауіпті аймақтар бар. Ақтоғай, Ертіс аудандарында дайындық күшейтілген. Осы күні Ақсуда су деңгейі жоғары. Мамандар бөгет салу мәселесін тағы көтерді.

 

-Өткен жолы депутаттардың жартысы қарсы болған еді. Дегенмен, Ақсудың өзіне де, ауылдық аумағына да бөгет құрылысы қажет деп санаймыз. Қаржыландыруды қолдауларыңызды сұраймыз. Көріп тұрсыздар. Жердің топырақ қыртысы соншалықты қатады деп ешкім ойламаған еді. Ауа райы болжамдары сай болмай шықты. Сондықтан бөгеттің болуы маңызды,-деді Павлодар облысы ТЖД басшысының орынбасары Олег Трещев.

 

Депутаттар аудандарда су тасқынына қарсы қажетті іс-шаралардың тиісті деңгейде жүргізбегенін атап өтті.

 

Фото: Облыстық ТЖД