Облыста иттердің көмегімен 200-ден астам қылмыс ашылды
Павлодар облысы полиция департаменті Кинологиялық орталығының қызметтік-іздестіру иттері 1000-нан астам шақыртуға қатысқан деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Бүгінгі күні орталықта 28 қызметтік-іздестіру иттері бар, олар 2025 жылы 1000-нан астам шақыртуға қатысып, 210 қылмысты ашуға үлес қосты.
-Өткен жылы қызметтік иттердің көмегімен 130 килограмнан астам есірткі заттарының заңсыз айналымға түсуіне жол берілген жоқ, – дейді Павлодар облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының басшысы Нияз Валиев.
Кинологиялық оқу орталығында жануарларды мамандар – ветеринарлар тұрақты бақылауда ұстайды. Қызметке ит таңдаудан бұрын, ол белгілі талаптар бойынша бағаланады. Кинологтар күнделікті иттермен жаттығулар өткізіп, жалпы үйрету курсынан өтіп, іздестіру дағдыларын үйретеді.
